ІСКЕРИ (РЕСМИ) ДИСКУРС ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Аружан Н Нұрлыбекова

Аннотация

Мақалада әлі де нақты шешімін таппаған, ғалымдардың қызығушылығын тудырып отырған мәселелердің бірі – іскери дискурс және оның ерекшеліктері қарастырылады. Институционалды дискурстың бір жанры болып есептелетін іскери дискурстың спецификасы мен соған тән сипаттамалары беріліп, оның бірнеше типтік белгілері сипатталады.  Сонымен қатар іскери дискурсқа берілген ғалымдардың анықтамалары келтіріліп, іскери дискурстың зерттелуіне қатысты көзқарастардың алуантүрлілігі көрсетіледі, іскери дискурстың көпқырлылығы атап өтіледі. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріндегі іскери дискурстың түрлері талданады.

Опубликован
2020-05-11