ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ ӘДІСТӘСІЛДЕР МЕН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

  • Айман Худайбергеновна Чарипбаева КазУМОиМЯ
  • E. M. Мауленова
Ключевые слова: оқу үрдісі, жағдаят, қатысым, кәсіби- бағытталған , кейс, құзыреттілік, әдіс-тәсілдер, бұқаралық ақпарат құралдары

Аннотация

Заманауи білім беру үрдісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің іскерлігін, шығармашылық біліктілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатыр. Шетел тілін меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану маңызға ие.Кәсіби бағытталған  қатынасқа оқытуда жағдаятты үлгілеуші технологияны қолдану шартты жағдайда белгілі бір мәселені тудыру арқылы жасалады. Оқушы хабарламаны түсінеді және сол мәселені шешеді, бұның ерекшелігі кәсіби шынайы жағдай жасай отырып, болашақ маманның шығармашылық біліктілігінің қалыптасуына және оның кәсіби-бағытталған  құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, бұл әдіс арқылы студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студенттер жағдаятқа  талдау жасау арқылы  болашақ маман ретінде қалыптасып, сабаққа қызығушылығы  артады.

Опубликован
2018-12-12