АУДАРМАТАНУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛЫПТАСУЫ (ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢГЕ ШОЛУ)

  • Р. Жусупова
  • С. Әділ КазУМОиМЯ имени Абылай хана
  • Ж. Сұраншы
Ключевые слова: «тарихи колоритті», «барабар», «конкретизация», «адекватты аударма», «аудармашы интенциясы», «герменевтика», «аударматану».

Аннотация

Қазіргі таңда аударма саласында аударматанудың қалыптасуы  кеңінен зерттелгенімен, дәл аударматанудың Қазақстанда қалыптасуы бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Қазақстан жерінде аударма ісі жыл санап өсіп келе жатқандықтан, аудармашыларға немесе болашақ аудармашыларға, аударматанудың Қазақстанда қандай кезеңдерден өтіп, қалай қалыптасқанын білу қажеттілі туындап отыр. Мысалға аударма ісінің революциондық кезеңі Қазақстанда осы Қазақстан мен Ресейдің қосылу кезеңінде қалыптасты. Посткеңестік кезеңде аударматану ғылымына арналған белгілі кітаптар мен оқу құралдарында Орталық және Орта Азияда, яғни Қазақстанда, аударма ісінің тарихы мен дамуы туралы мәселе аз зерттелген болып отыр. Посткеңестік жүйе шегінде жаңа тәуелсіз елдердің құрылуы аударма қызметін ұғынуда және сипаттауда қажеттілік тудырып отыр: оның тарихы, қазіргі заманғы жағдайы және жаңа қоғамдарда одан әрі дамуы.

Опубликован
2019-12-07