АУДАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
Аннотация
Бұл мақалада мен аудармашылық құзыреттілік ұғымын, оны көптеген ғалымдар жиі салыстыратын ұғыммен, атап айтқанда лингвистикалық құзыреттілікпен байланыстырын жақынырақ салыстыра отырып, бірінші ұғымға қатысты белгілі бір айқындыққа қол жеткізуге болатынын көру үшін зерттеуге ниеттенемін. Аударма құзыреттілігі ұғымы аударма теориясында, сондай-ақ аударманың педагогикалық тәсілдерінде бастапқы әрі маңызды орынға ие болғандықтан бұл сұрақты көтерудің маңыздылығы да жоғары деп есептеймін. Алайда, аталмыш мәселе төңірегіндегі әдебиет баршылық болғанымен, нақты бір айқындыққа қол жеткізу әлі күнге дейін кейбір қиындықтарды тудыруда.