БАҚ МӘТІНДЕРІН АУДАРУДАҒЫ ЭКВИВАЛЕНТТІЛІККЕ ЖЕТУ МӘСЕЛЕСІ

  • А Н Нұрахмет

Аннотация

Мақалада ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылатын бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінің аударма барысында эквиваленттілікке жету мәселесі қарастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндерінаудару – коммуникацияның бірегей түрі. БАҚ тілі әр түрлі ойларға (қоғамдық, саяси және мәдени), аллюзияларға (әдебиетке, тарихқа, киноға және т. б.), дәйексөздерге (жаңалықтар материалдарында, әсіресе авторлық журналистикаға да тән) және қысқартуларға толы. Осы ретте, аударманың басты мақсаты - эквиваленттілікке (бара-барлық) қол жеткізу. Зерттеу жұмыстарына сәйкес, мақалада БАҚ мәтіндерінің аудармасы, эквиваленттілік деңгейі мен аударма сапасы туралы мағлұматтар, сондай-ақ аударма мысалдары келтіріледі.

Опубликован
2020-05-11