АУДАРМА ІСІНДЕГІ ЛИНГВО-МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Айдайгуль Саматовна Райымжанова

Аннотация

Бұл мақалада аудару ісі мәдениеттанымдық бағыт тұрғысынан қарастырылады. Аудару үдерісінде мәнерлілік, көркемдік құралдары және интонацияны қамтитын халықтың ұлттық-мәдени ерекшелігі мен авторлық стиль барынша жоғары дәрежеде берілуі тиіс. Авторлық стильден басқа, белгілі бір халық әлемінің бейнесінің ерекшеліктерін қамтитын троптарға, фразелогизмдерге, қарапайым сөздер мен диалектерге де ерекше көңіл бөлінуі керек. Аудармашы баламасыз лексика мәселесіне тап болады, сондықтан оқырман жат мәдениетті сайма-сай қабылдай алуы үшін аудармашы оның мәнін жоғалтпай, хабарлау тәсілін дұрыс анықтауы маңызды. Бұл үшін лингвист әуелгі мәдениеттің сипаты, ұлт тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты жайлы айқын түсінікке ие болуы қажет.

Опубликован
2020-05-11