САЯСИ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Айжан Қалиханқызы Скакова

Аннотация

Соңғы онжылдықтарда дискурсты зерттеу лингвистикада пайда болған ғылыми парадигманың өзгеруіне байланысты қазіргі тіл біліміндегі өзекті бағытқа айналды, атап айтқанда: жүйелік-құрылымдық және статикалық парадигманың орнын антропоцентристік парадигма басты. Тілдегі метафоралану саяси дискурста көрініс табады. Саяси дискурстағы метафоризация үдерісін қарастыру – когнитивті лингвистиканың негізгі бағыттарының бірі. Метафораның адресатқа әсер етіп, белгілі бір шешім қабылдауға көмек берерлік зор прагматикалық әлеуеті бар. Метафора адам әрекетінің уәжділігі мен бағытына тиісті дәрежеде эмотивті әсер етіп, қоршаған ортаны модельдеуге ықпал етеді. Мақалада алдымен саяси метафораның анықтамасына қатысты көзқарастарға шолу жасалып және оның ортасында тіл, мәдениет және лингвокультурологиялық парадигма тұрғысынан осы тұжырымдаманың сипаттамалары сөз етілді, сонымен қатар саяси метафораның табиғаты, оның әр түрлі мәтіндердерде кездесуі және қазақ-ағылшын тілдеріндегі аудармасы, аудару тәсілдері қарастырылды

Опубликован
2020-06-12