ІСКЕРИ ДИСКУРСТЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ АСПЕКТІЛЕРІ, МӘНМӘТІН МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  • Гульнар Сайрамбекқызы Асанова
  • Айжан Куркимбаева

Аннотация

Берілген мақала іскери дискурс, іскери қарым-қатынастағы мәдениетаралық коммуникативтік аспектілер, мәнмәтін мәселесі және іскери қарым-қатынаста коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру мәселелеріне арналған. Мақалада студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру үшін атқарылуы тиіс шаралар, оны қалыптастыруда лингвистикалық және кросс-мәдени мәселелер қарастырылады, мәнмәтін терминіне анықтама беріледі және оның лингвистика мен мәдениетаралық қатысым саласындағы түрлері анықталады. Сондай-ақ іскери мәнмәтін, іскери дискурстың мәдениетаралық сипаты, іскери дискурстың жазбаша және ауызша жанрларына зерттеу жүргізіледі. Аталмыш мақала іскери дискурс және оның мәдениетаралық коммуникативтік аспектілеріне бағытталған, құнды теориялық ақпарат беретін мәселелерді қамтиды.

Опубликован
2018-05-25