МАСС-МЕДИА САЛАСЫНДАҒЫ АУДАРМА

  • A. Кыйсыкова
  • Э. Раева
  • А. Тоқтарбекова

Аннотация

Масс-медиа саласындағы аударма тақырыбының өзектілігі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаһандық үдеріс жағдайында әлемдік қауымдастыққа белсенді ықпалдасуымен байланысты. Осыған байланысты әлемдік қауымдастыққа ену қоғам өмірінің аса маңызды аспектісі болып табылады. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру және дамыту, соның ішінде, қазақстандық мазмұндағы ағылшын тіліндегі жаңалықтар шығарылымы оларды аударма тұрғысынан зерттеуді талап етеді. Масс-медиа саласында аударманы жүзеге асыру және телевизиялық ақпараттық жаңалықтар мәтіндері аудармасын үлгілеу дегеніміз түпнұсқа мәтін мен аударманы салғастыруға негізделген аударма үдерісінің кешенді үлгісін әзірлеу.

Опубликован
2018-05-25