ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ РЕСМИ-ІС СТИЛІНІҢ КӨРІНІСІ
Аннотация
Мақала барысында ағылшын және қазақ тілі мәтіндерінің ресми-іскерлік стилінің грамматикалық, стилистикалық және лексикалық ерекшеліктері, сонымен қатар олардың аударма процесіне әсері, ағылшын және қазақ іскерлік мәтіндерде кездесетін қысқартулардың негізгі түрлері қарастырылады, сондай-ақ, ағылшын және қазақ тілдерінің ресми-іскерлік стилінің ерекшеліктеріне салыстыру жүргізіледі.
Бұл жұмыстың өзектілігі біздің еліміздің халықаралық-экономикалық қатынастарының дамуына байланысты қазіргі кезеңдегі ресми-іскерлік мәтіннің лексикалық ерекшеліктерін нақты бөліп көрсету қажеттілігімен байланысты.