МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕЛІЛІКТІ ҚҰРУ АМАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АУДАРУДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР
Аннотация
Берілген мақала көркем әдебиеттегі мәдени-әлеуметтік бейнелілікті құру амалдарын аударудағы қиыншылықтар қарастырылған. Автор мәдени-әлеуметтік бейнелілікті құру амалдарына, олардың құрылымына тоқталады да, сондай тілдік құралдар арқылы мәдени және әлеуметтік ерекшеліктердің суреттелу құбылысын түсіндіреді. Сонымен қатар, көркем шығарманы аудару кезінде аудармашы назар аударуы қажет бірқатар факторлар турасында көзқарастар ұсынылған. Мәдени-әлеуметтік бейнелілікті аудару кезінде орын алатын қиыншылықтарды, оларды аудару тәсілдері мен амалдарды көрсету үшін, ағылшын әдебиетінің әлемге әйгілі жазушысы Агата Кристи шығармалары және олардың қазақ тіліне аударылған мәтіндер негізінде мысалдар берілген.