ТАЛИБАННЫҢ БИЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ: ШАРИҒАТ, ӘДЕТ ЖӘНЕ РУШЫЛДЫҚ

Автор(лар)

  • Амангельдиев А.А. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Абдилхаким Б.Ш. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.61.3.003

Кілт сөздер:

Талибан, пуштунвали, А. Хаққани, дін, әмірлік, саясат, Деобандия, шариғат

Аннотация

Бұл мақалада 2021 жылдың тамызында Ауғанстан билігіне 20 жылдан кейін қайта оралған Талибан қозғалысының дүниетанымы, ел басқару жүйесіндегі философиясы мен жалпы діни идеологиясы қарастырылады. Тәліптердің ұйым ретінде қалыптасуына және болмыстарына тек Ислам діні ғана емес, сонымен қатар «пуштунвали» атты пуштун ұлтының ру-тайпалық кодексі де ықпал етті. Зерттеуімізде осы мәселе егжей-тегжейлі қолға алынып, Талибанға әсері талқыланатын болады. Мақалада қазіргі Ауғанстандағы сот төрағасы, тәліптердің дін маманы Абдулхаким Хаққанидың 2022 жылы жарық көрген «Ислам әмірлігі және оның жүйесі» атты еңбегі негізінде тәліптердің саяси философиясын талдауға арналады. Аталмыш кітапта әуелгі төрт халифа кезеңіндегі жүйе қазіргі Ауғанстанда билік құру үшін үлгі ретінде қарастырылған. Мәселен еңбекте әмір міндетті түрде мұсылман, ер адам, ақыл-есі бүтін, тақуа, әділ әрі мазхаб бойынша мұжтахид ғалым болуы тиіс делінген. Сондай-ақ, шынайы басшының ерлік, саяси көрегендік пен жоғары құзіреттілікке ие болу керектігі айтылып, халифалық істерді жүргізуге қауқарлы болуы қажеттігі баяндалған. Мұндай сипаттамалар ортағасырлық ислами саяси құқықтағы халифқа немесе имамға қойылатын талаптарға ұқсайды, бұл Талибанның өзін дәстүрлі исламдық басқару жүйесінің заңды мұрагері ретінде ұсынуға ұмтылатынын аңғартады. Сонымен қатар кітапта тәліптер құрған мемлекет қандай болуы керек, әмірдің тағайындалу жолы, мемлекетті басқару барысы, қазіргі демократияның ислами жүйе алдындағы кемшіліктері, әйелдер мәселесі деген сынды тақырыптар қозғалады. Бұл еңбек тәліптердің ел бақсару бойынша ресми құжат не доктринасы емес. Алайда кітап А. Хаққани сынды аса лауазымды тұлға тарапынан жазылғаны және ресми түрде қолдау тапқаны үшін тәліптердің билік жүйесі мен өмірлік философиясын түсінуге аса құнды дереккөз болып саналады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles