ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.64.2.014Кілт сөздер:
интеграциялық процестер, геосаясат, экстремизм, халықаралық терроризм, террористік қауіп, Орталық Азия, ұлттық қауіпсіздікАннотация
Мақалада Орталық Азия елдеріндегі халықаралық терроризм мәселесі зерттелді, ол аймақтық интеграция процестерінің жаһандануының дүниежүзілік құбылысымен үйлесімділігіне байланысты болып, осыған сәйкес зерттеліп отырған мәселе кеңірек таралып, Орталық Азия елдері мемлекеттік құрылысы тұрақтылығының бұзылуына елеулі теріс ықпал етеді. Жалпы, қазіргі кезеңде халықаралық терроризм жаһандық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін фактор ретінде көрінеді. Жұмыстың мақсаты аймақтағы халықаралық терроризм мен экстремизмнің қалыптасу алғышарттарын талдау болып табылады. Мақалада теориялық әдіс, логикалық талдау әдісі, дедукция әдісі, индукция әдісі сияқты әдістер қолданылды. Жүргізілген зерттеу барысында Орталық Азия мемлекеттерінің айтарлықтай маңызды геосаяси мәнге ие екені анықталды, бұл, атап айтқанда, оның энергия ресурстарының және географиялық орналасу тиімділігіне орай халықаралық интеграциялық жобаларға қатысуын белсендіре түседі. Бірақ бұл ретте елдердің дамуына осы құбылысты қозғайтын ішкі сипаттағы көптеген проблемалардың салдарынан, сондай-ақ басқа да себептерден террористік қауіп кедергі келтіреді. Халықаралық терроризм аймақтық интеграцияның функционалды дамуына елеулі сын болып табылатыны атап өтілді. Мақалада террористік сипаттағы белсенділіктің дамуының негізгі алғышарттары мен бағыттары ерекшеленіп, Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздігіне ықпал ететін факторлар анықталып, талдау жүргізілді, халықаралық терроризмнің себеп-салдарына баға берілді. Сондай-ақ, осы кезеңде аймақтағы террористік, экстремистік және сепаратистік топтардың белсенділігі артуының болашағы бар екені анықталды. Осы құбылыстардың таралуына қарсы тұру үшін ұлттық және халықаралық қауіпсіздік деңгейін күшейтуге мүмкіндік беретін жаһандық кешенді тәсіл ұсынылды.




