ПОЛИЦЕНТРЛІ ӘЛЕМДІК ТӘРТІПТІ ТҮСІНУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.027Кілт сөздер:
полицентрлі, әлемдік тәртіп, көпполярлық, көпқабатты әлем, күш саясаты, реализм, либерализм, конструктивизмАннотация
Мақалада жетекші әлемдік акторлар тарапынан біржақты
әрекеттер мен күш саясатының күшеюі жағдайында полицентрлі әлемдік
тәртіпті ұғынудың теориялық тәсілдері қарастырылады. Реализм, либерализм
және конструктивизм теориялары, сондай-ақ көпқабатты әлемдік тәртіп
тұжырымдамасы негізінде жүргізілген салыстырмалы талдау қазіргі ірі
державалардың басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуы халықаралық
жүйенің полицентрлі сипатын жоққа шығармайтынын, керісінше оның қайта
қалыптасуының дағдарысты әрі өтпелі кезеңін көрсететінін дәлелдейді.
Мақалада полицентрлік ұғымының тек мемлекеттер арасындағы
материалдық қуаттың қайта бөлінуімен шектелмейтіні көрсетіледі.
Ол әлемдік саясаттағы анағұрлым күрделі өзгерістерді, атап айтқанда
институционалдық бөлшектенуді, аймақтық ықпал орталықтарының
өсуін және көпдеңгейлі өзара тәуелділікті қамтиды. Қазіргі жағдайдағы
полицентрліктің қақтығысты сипатта екені, әмбебап ережелердің
әлсіреуімен және аймақтық динамиканың күшеюімен қатар жүретіні
негізделеді. Көпполярлық пен полицентрлік арасындағы тұжырымдамалық
айырмашылыққа ерекше назар аударылады.
Қазіргі әлем халықаралық мінез-құлықтың әртүрлі модельдерінің
қатар өмір сүруімен және заңдылық туралы бәсекелес түсініктердің
болуымен сипатталады. Мұндай жағдайда полицентрлік автоматты түрде тұрақтылықты немесе жалпы ынтымақтастықты білдірмейді, керісінше
мемлекеттерді үнемі бейімделуге және жаңа мінез-құлық әрекет ету
үлгілерін іздеуге мәжбүр ететін орта қалыптастырады.
Бұл мақала қазіргі әлемдік тәртіптің сипаты жөніндегі теориялық
пікірталасқа үлес қосып, полицентрлі орта жағдайындағы мемлекеттердің
сыртқы саяси стратегияларын кейінгі қолданбалы талдау үшін негіз
қалыптастырады.




