ДЕЗИНФОРМАЦИЯ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ СОҒЫСТАРДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП ФАКТОРЫ

Автор(лар)

  • Кошербаев Ж.Д. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Махмадин А.Д. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Мельдибекова З.А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.004

Кілт сөздер:

дезинформация; информационные войны; национальная безопасность; манипуляция общественным сознанием; цифровые платформы; медиаграмотность; информационная безопасность.

Аннотация

Мақалада дезинформация ақпараттық және гибридтік
соғыстардың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылып, оның
қоғамдық санаға, саяси тұрақтылыққа және мемлекеттердің ұлттық
қауіпсіздігіне тигізетін ықпалы талданады. Цифрлық трансформация
жағдайында, әлеуметтік желілердің, алгоритмдік платформалардың және
жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы нәтижесінде
дезинформация жүйелі сипатқа ие болып, аудиторияны жылдам әрі
ауқымды қамту мүмкіндігі арқылы ақпараттық ықпалдың деструктивті
әлеуетін күшейтеді.
Зерттеудің мақсаты – цифрлық технологиялар арқылы таралатын
дезинформация мен пропаганданы кешенді талдау, манипулятивтік
ақпараттық ықпал етуді зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін айқындау, оның
әлеуметтік және саяси салдарын бағалау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке
қауіп төндіретін дезинформациялық тәжірибелерге қарсы іс-қимыл
бағыттарын әзірлеу. Зерттеу нысаны ретінде ақпараттық соғыстардың
құралы ретіндегі дезинформация алынса, зерттеу пәні – оның цифрлық
ортада қалыптасу, таралу және ықпал ету тетіктері болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық негізін пәнаралық тәсіл құрайды. Зерттеу
барысында талдау мен синтез, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, медиаматериалдарға контент-талдау, нақты дезинформациялық науқандарды
кейс-стади әдісімен зерттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
стратегиялық нормативтік-құқықтық құжаттарына құқықтық талдау
жүргізілді. Жұмыста дезинформацияның тиімділігі әдейі бұрмаланған
контенттің қолданылуы, цифрлық платформалар арқылы алгоритмдік
күшейту және оны таратуға қатысты құқықтық реттеудің жеткіліксіздігімен
айқындалатыны туралы гипотеза негізделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы дезинформацияның құрылымданған
моделін ұсынуымен, осы ұғымның авторлық анықтамасын беруімен және
оны заңнамалық деңгейде бекіту қажеттігін негіздеуімен сипатталады.
Зерттеу нәтижесінде дезинформацияға қарсы іс-қимыл ұлттық қауіпсіздік
пен ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған кешенді
құқықтық, институционалдық және білім беру шараларын талап ететіні
туралы қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Қалыптасу сипаттамасы

Кошербаев Ж.Д., Махмадин А.Д., & Мельдибекова З.А. (2026). ДЕЗИНФОРМАЦИЯ ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ СОҒЫСТАРДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП ФАКТОРЫ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 63(1). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.004

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles