САЯСИ ТРАНСФЕР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БЕЙІМДЕЛУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТАПҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ СИНГАПУР ТӘЖІРИБЕСІ

Автор(лар)

  • Чиникеев Т.О. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Макашева К.Н. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.002

Кілт сөздер:

Қазақстан, Сингапур, даму моделі, азиялық жолбарыстар, саясатты трансферлеу, посткеңестік өтпелі кезеңдер

Аннотация

Бұл мақалада Сингапурдың 1990-жылдар мен
2000-жылдардың басында Қазақстанның даму стратегиясын
қалыптастырудағы бағдар ретінде атқарған рөлі қарастырылады.
Президенттік жолдаулар, дипломатиялық құжаттар және бағдарламалық
материалдар сияқты бастапқы дереккөздерге, сондай-ақ академиялық
әдебиеттергесүйенеотырып, зерттеуСингапуртәжірибесініңҚазақстандағы
мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және институционалдық
реформаларға ықпал ету арналарына талдау жасайды.
Мақалада екі ел арасындағы тікелей өзара іс-қимылдың шектеулі
болғанына қарамастан, Сингапурдың табысты жаңғырту үлгісі ретінде
маңызды орын алғаны көрсетіледі. Алайда ол толықтай көшірілетін модель
ретінде емес, жекелеген басқару тәжірибелерінің көзі және реформаларды
негіздеуші дискурстық құрал ретінде қызмет атқарды. Бұл ықпалдың
негізгі элементтеріне меритократиялық мемлекеттік басқару, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясат, инвестицияларды тарту және экономикалық
дамудың басымдығын айқындау жатады.
Сонымен қатар, елдердің ауқымы, экономикалық құрылымы және
институционалдықортасыарасындағыелеуліайырмашылықтарсаясаттарды
тікелей көшіру мүмкіндіктерін шектеді. Осыған байланысты Қазақстан
сыртқы тәжірибенің жекелеген элементтерін ұлттық жағдайларға бейімдей
отырып, селективті және икемді тәсілді қолданды. Зерттеу нәтижелері
сыртқы үлгілердің ұзақ мерзімді даму стратегияларын қалыптастыруда әрі
практикалық құрал, әрі бағдар ретінде қызмет ете алатынын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles