ОҢТҮСТІК КАВКАЗДАҒЫ КӨЛІК ДӘЛІЗДЕРІ ЖӘНЕ ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.025Кілт сөздер:
Зангезурский коридор, Средний коридор, МТК «Север-Юг», Южный Кавказ, геоэкономика, евразийская связность, логистические коридоры, санкционная устойчивость, Турция, Азербайджан, Иран, РоссияАннотация
Бұл мақала Зангезур дәлізін жекелеген инфрақұрылымдық
бастама ретінде емес, Еуразия кеңістігіндегі геоэкономикалық бәсекенің
өзекті тетігі ретінде қарастырады. Зерттеудің өзегінде өзара бәсекелес екі
көлік-логистикалық модельдің арақатынасы тұр: шығыс–батыс бағыты
(Түркия мен Әзербайжан қатысатын Орта дәліз) және солтүстік–оңтүстік бағыты (Ресей мен Иранға сүйенетін «Солтүстік–Оңтүстік» халықаралық
көлік дәлізі). Осы тұрғыдан Оңтүстік Кавказ транзиттік функциялар
мен аймақтық ықпал қайта бөлінетін стратегиялық кеңістік ретінде
пайымдалады.
Теориялық негізге геоэкономикалық талдау және «қаруланған өзара
тәуелділік» тұжырымдамасы алынды; бұл ұстаным инфрақұрылымдық
желілердің мемлекеттер арасындағы ықпал теңгерімін де, осалдық
құрылымын да айқындайтынын көрсетеді. Әдіснамалық деңгейде
салыстырмалы сапалық талдау қолданылып, process tracing элементтері
мен Түркия, Әзербайжан, Иран және Ресейдің ұстанымдарын акторлық
қырынан саралау ұштастырылды. Талдау төрт өлшем бойынша жүргізілді:
маршрутқа бақылау жасау мүмкіндігі, санкциялық қысымға бейімділік,
транзиттен экономикалық пайда өндіру әлеуеті және сыртқы ықпалға
тәуелділік деңгейі.
Зерттеу нәтижелері аталған екі дәліздік үлгінің институционалдық
және мүдделік негіздері толық үйлеспейтінін айқындады. Зангезур
бағытын іске қосу ықтималдығы Орта дәліздің тұтастығын күшейтіп,
Түркия мен Әзербайжанның шығыс–батыс бағытындағы тораптық рөлін
арттырады; сонымен қатар Иранның, ішінара Ресейдің транзиттік салмағын
салыстырмалы түрде төмендетеді. Осыған жауап ретінде Мәскеу мен
Тегеран «Солтүстік–Оңтүстік» бағыты бойынша үйлесімділікті күшейтіп,
оны баламалы құрлықтық көлік жүйесі ретінде ілгерілетуде.
Қорытындысында, Оңтүстік Кавказ перифериялық аймақ емес, жаңа
еуразиялық логистикалық кеңістік қалыптасатын белсенді геостратегиялық
торап екені негізделеді. Демек, Зангезур дәлізін бағалау тек инженерлік-
инфрақұрылымдық параметрлермен шектелмеуі тиіс; оның нақты нәтижесі
институционалдық үйлесімге, қауіпсіздік архитектурасына және саяси
басқару сапасына тікелей тәуелді.




