ШЫҰ БАТЫС ӘСКЕРИ БЛОКТАРЫНА БАЛАМА РЕТІНДЕ: НАТО-МЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.006Кілт сөздер:
ШЫҰ, НАТО, әскери альянс, көпполярлық, қауіпсіздік архитектурасы, ұжымдық қорғаныс, Еуразия, геосаясатАннотация
Мақалада жаһандық тәртіптің трансформациясы жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Батыс әскери-саяси
блоктарына балама ретінде қалыптасу мүмкіндігі және оның Солтүстік
Атлантикалық Шарт Ұйымымен (НАТО) салыстырмалы талдауы
қарастырылады. Зерттеу көпполярлы әлемдік жүйенің қалыптасуы,
күштердің қайта бөлінуі және аймақтық қауіпсіздік архитектурасының
әртараптандырылуы жағдайында жүргізіледі. НАТО-ның ұжымдық
қорғанысқа негізделген жоғары институционалданған әскери альянс
ретіндегі моделі мен ШЫҰ-ның егемендік, консенсус және ішкі істерге
араласпау қағидаттарына сүйенетін үйлестіруші қауіпсіздік платформасы
ретіндегі ерекшеліктері салыстырылады.
Талдау әскери ынтымақтастықтың институционалдану деңгейін,
стратегиялық бағдарларын, кеңею саясатын және нормативтік негіздерін
қамтиды. ШЫҰ-ның ұжымдық қорғаныс туралы міндетті ережелерінің
болмауы оның әскери блокқа айналу мүмкіндігін шектейтіні, алайда
бұл икемділік мүше мемлекеттердің стратегиялық дербестігін сақтауға
мүмкіндік беретіні анықталды.
Зерттеу нәтижелері ШЫҰ-ның НАТО құрылымдық баламасы емес,
қауіпсіздіктің баламалы үлгісі екенін көрсетеді. Бұл модель Еуразиядағы
тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған және қалыптасып келе жатқан
көпполярлы әлем тәртібінде маңызды рөл атқарады.




