ҚХР МЕН ҚР СЫРТҚЫ САЯСИ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ ҚЫТАЙ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН Р ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИМИДЖІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.014Кілт сөздер:
Қазақстан, қытай БАҚ-тары, ұлттық имидж, медиадискурс, қытай-қазақстан қатынастары, контент-талдау, сыртқы саяси өзара іс-қимыл, қоғамдық дипломатиясыАннотация
Халықаралық қатынастардың өзгеруі жағдайында сыртқы
саясатты қалыптастыруға дискурс пен қабылдау факторларының ықпалы
артып келеді. Ұлттық имидж – бұл мемлекеттің әлемдегі орнын көрсетіп
қана қоймай, оның саясатын басқа халықаралық қатынастар акторларының
қалай қабылдайтынын да айқындайтын күрделі жиынтық. Бұл имиджді
қалыптастыруда және сыртқы саяси нарративтерді ілгерілетуде бұқаралық
ақпарат құралдары басты рөл атқарады. Бұл зерттеуде 2013–2025 жылдар
аралығында «Жэньминь жибао», «Синьхуа» және «Хуаньцю шибао»
басылымдарында жарияланған Қазақстан туралы материалдар талданады.
Зерттеудің мақсаты – Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық
әріптестік тереңдеп келе жатқан кезеңде жетекші қытайлық БАҚ-
тың Қазақстан имиджін қалыптастырудағы рөлін айқындау және бұл үдерістің екіжақты қатынастарға әсерін бағалау. Контент және дискурс
талдау нәтижелері қытайлық медианың Қазақстанды тұрақты, болжамды
әрі стратегиялық маңызы бар сенімді әріптес ретінде танытатынын
көрсетті. Басты нарратив жоғары деңгейдегі кездесулер, стратегиялардың
үйлесімділігі мен ынтымақтастықтың нақты жетістіктері аясында құрылған.
Мұндай репрезентация тек екіжақты қатынастардың оң серпінін бейнелеп
қоймай, сонымен бірге Қытай қоғамында Қазақстанға деген көзқарасты
қалыптастырып, ынтымақтастыққа қоғамдық қолдау мен саяси сенімді
нығайтады. Осылайша, зерттеу медиадискурс пен сыртқы саясат арасындағы
байланысты түсінуге үлес қосады. Нәтижелер медиа бейнелеуінің екіжақты
ынтымақтастық күн тәртібін заңдастыру мен ілгерілету тетігін ашып,
халықаралық коммуникация теориясы мен аймақтық деңгейдегі қоғамдық
дипломатиясы тәжірибесін тереңірек тануға мүмкіндік береді.




