ТӘУЕЛДІЛІК, ИЕРАРХИЯ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚОСАРЛАНҒАН ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор(лар)

  • Сейтқожа Е.Е. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.023

Кілт сөздер:

қосарланған тәуелділік, Орталық Азия, саяси экономика, иерархия және институттар, сыртқы шоктар

Аннотация

Неліктен қайталанатын сыртқы шоктар Орталық Азияның
әртараптандыруна алып келмейді? Тәуелділік, иерархия және аймақтық
институционализм теориялары әдетте “шағын” мемлекеттерді аймақтық
ұйымдардан шығуын, серіктестер мен әріптестерді алмастыруын немесе
хеджингке жүгінуін болжайды. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанды
салыстырмалы талдау негізінде бұл мақала аталған болжамдардың
эмпирикалық тұрғыдан расталмайтынын көрсетеді. Аймақта “қосарланған
тәуелділік” деп сипаттауға болатын тұрақты құрылым қалыптасқан:
Ресей аймақтық елдермен қарым-қатынаста институционалдық және
инфрақұрылымдық иерархияларға сенім артса, Қытай нарықтық және
қаржылық байланыстарға жүгінеді. Нәтижесінде,аталмыш мемлекеттердің
біреуінің ықпалының төмендеуі екіншісінің аймақтағы ықпалының өсуіне
алып келеді. Сапалық процесс-трейсинг, сауда және қарыз деректері, аймақтық ұйымдарға мүшелік сынды мәліметтер және «шок-тесттер»
(Ресейге қарсы санкциялар, Қытайдың сыртқы несиелеуінің қысқаруы,
COVID-19 сауда және жеткізу тізбектерінің дағдарысы) арқылы мақала
бір акторға тәуелділікті азайту әрекеттері екінші акторға тәуелділікті
күшейтетінін дәлелдейді. 

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles