ЕУРОПАНЫҢ САРАПТАМАЛЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.015Кілт сөздер:
Еуропа, Қытай, аналитикалық дипломатия, экономикалық стратегия, Think Tanks, сыртқы экономикалық саясат, аналитикалық мектепАннотация
Мақала халықаралық жүйенің трансформациясы және
жаһандық экономикалық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында Еуропаның
аналитикалық дипломатиясындағы Қытайдың экономикалық стратегиясын
талдауға негізделген. Зерттеудің өзегінде еуропалық ғылыми-зерттеу
және сараптамалық орталықтар, сондай-ақ олардың Қытайдың сыртқы
экономикалық саясатын интерпретациялау ерекшеліктері қарастырылады.
Think Tanks (аналитикалық орталықтар) арқылы жүзеге асырылатын
аналитикалық дипломатия сараптамалық институттардың халықаралық
үдерістерге қатысуының ерекше формасы ретінде сипатталады. Қытайдың
экономикалықстратегиясыөнеркәсіптіксаясат, технологиялықбәсекелестік,
қаржылық тұрақтылық және Еуропаның стратегиялық автономиясы
мәселелерін қамтитын әлемдік экономиканың құрылымдық факторы
ретінде қарастырылады. Ағылшын және жалпыеуропалық аналитикалық
мектептердің әдіснамалық ұстанымдары мен талдау басымдықтары
бойынша айырмашылықтары айқындалған. Автор қолданбалы және
теориялық екі аналитикалық деңгейді бөліп көрсете отырып, аналитикалық
дипломатияның бәсекелестікжәне прагматикалық тәсілдерді ұштастыратын
көпөлшемді әрі стратегиялық тұрғыдан жүйеленген сипатқа ие екендігін
негіздейді. Еуропалық аналитикалық дипломатиядағы Қытайдың
экономикалық стратегиясын талдау оның кешенді сипатын көрсетті: ҚХР
экономикалық серіктес, құрылымдық бәсекелесжәне әлемдік экономиканың
трансформациясына ықпал ететін маңызды фактор ретінде қарастырылады.




