ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Автор(лар)

  • Курпебаев Г.К. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.008

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, стратегиялық тұрақтылық, халықаралық қауіпсіздік, технологиялық бәсекелестік, әскери инновациялар, жаһандық басқару, ірі державалар арасындағы бәсекелестік

Аннотация

Мақалада қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі
стратегиялық тұрақтылықтың трансформациясына жасанды интеллект
технологияларының ықпалы қарастырылады. Соңғы жылдары
технологиялық прогрестің жеделдеуі жасанды интеллекттің әскери
жоспарлау, барлау ақпаратын талдау және шешім қабылдауды қолдау
жүйелеріндегі рөлін айтарлықтай арттырды. Бұл үдерістер халықаралық
қауіпсіздік саласындағы бәсекелестіктің сипатына және стратегиялық өзара
іс-қимыл тетіктеріне ықпал етуде.
Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллект технологияларын қауіпсіздік
және қорғаныс саласына енгізудің стратегиялық тұрақтылықтың дәстүрлі
механизмдеріне әсерін талдау. Зерттеу барысында салыстырмалы-
талдамалық әдіс қолданылып, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақтың
стратегиялық құжаттары мен саясаттық бастамалары қарастырылды.
Сонымен қатар технологиялық өзгерістердің халықаралық қауіпсіздік
жүйесіне ықпалын түсіндіру үшін халықаралық қатынастар теориясының
негізгі бағыттары – реализм, институционализм және конструктивизм
тұжырымдамалары пайдаланылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles