ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ЖАҺАНДЫҚ СПОРТТЫҚ МЕГАШАРАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ФАКТОРЛАРЫ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.010Кілт сөздер:
халықаралық спорттық іс-шаралар, мегашаралар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық қатынастар, кешенді қауіпсіздік жүйесі, киберқауіпсіздік, дипломатиялық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, беделдік қауіпсіздік, биологиялық қауіпсіздік, Олимпиада ойындары, тәуекелдерді басқаруАннотация
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі турбуленттіліктің күшеюі жағдайында халықаралық спорттық мегашаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Ірі спорттық іс-шаралар тек спорттық бәсекелестік алаңы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттердің саяси, экономикалық және имидждік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беретін халықаралық өзара әрекеттесу мен дипломатияның маңызды платформасы болып табылады. Қатысушылар санының ауқымдылығы, шетелдік делегациялар, саяси көшбасшылар және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы мұндай іс-шараларды әртүрлі қауіптер мен тәуекелдердің шоғырлану нүктесіне айналдырады.
Зерттеудің мақсаты – халықаралық спорттық мегашаралардың қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз ету жүйесінің негізгі өлшемдерін анықтау және жүйелеу, сондай-ақ олардың халықаралық қатынастар ғылымы контексіндегі маңызын талдау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мегашаралар қауіпсіздігін саяси, дипломатиялық, технологиялық және әлеуметтік аспектілерді біріктіретін көпдеңгейлі құбылыс ретінде қарастырудан көрінеді.
Зерттеудің әдіснамалық негізін пәнаралық тәсіл, себеп-салдарлық талдау, кейс-стади әдісі және халықаралық қатынастар теориясындағы реалистік және либералдық парадигмалар аясындағы ғылыми еңбектерді талдау құрайды. Эмпирикалық мысал ретінде 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасындағы террорлық шабуыл, 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасына жасалған кибершабуыл және 2020 жылғы Токио Олимпиадасы кезіндегі санитарлық қауіпсіздік шаралары қарастырылады.
Зерттеу нәтижесінде халықаралық спорттық мегашаралар қауіпсіздігінің бес негізгі өлшемі анықталды: қоғамдық және физикалық қауіпсіздік, халықаралық және дипломатиялық қауіпсіздік, саяси және беделдік қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, сондай-ақ биологиялық және санитарлық қауіпсіздік. Зерттеудің ғылыми құндылығы халықаралық спорттық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ғылыми тәсілдерді жүйелеуде көрініс табады. Жұмыстың практикалық маңызы ұсынылған қауіпсіздік моделін халықаралық спорттық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру барысында қолдану мүмкіндігімен айқындалады.




