БҰҰ БІТІМГЕРШІЛІК МИССИЯЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫ ДАМУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Алмаз М. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
  • Малимова А.Е. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.019

Кілт сөздер:

БҰҰ бітімгершілігі, дамушы мемлекеттер, Қазақстан, Индонезия, Оңтүстік Корея, сыртқы саясат, халықаралық қауіпсіздік

Аннотация

Бұл мақалада Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік
миссияларына дамушы мемлекеттердің қатысуы Қазақстан мысалында
салыстырмалы түрде талданады. Зерттеу сапалы салыстырмалы әдіске
негізделіп, Қазақстан мен Индонезия және Оңтүстік Кореяның бітімгершілік
әлеуеті мен әскер контингентінің көлемі салыстырмалы түрде талданады.
Мақсаты-бітімгершілік операцияларына қатысу ауқымы, стратегиялық уәждер
және елдердің сыртқы саяси бағыттарындағы айырмашылықтарды анықтау.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанның бітімгершілік қызметке қатысу көлемі
салыстырмалы түрде шектеулі болғанымен, оның тұрақты өсім көрсетіп,
институционалдық тұрғыдан дамып келе жатқанын көрсетеді. Салыстырмалы
талдау бітімгершілік миссияларға қатысу тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету
құралы ғана емес, сондай-ақ мемлекеттердің халықаралық беделін арттыру
және дипломатиялық позициясын нығайтуға бағытталған сыртқы саясат
құралы екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, мақалада дамушы мемлекеттердің
бітімгершілік қызметке қатысуында кездесетін негізгі қиындықтар, атап
айтқанда ресурстардың шектеулілігі, институционалдық үйлестіру мәселелері
және қазіргі заманғы бітімгершілік операциялардың күрделенуі қарастырылады.
Зерттеу қорытындысы дамушы мемлекеттердің халықаралық қауіпсіздік
жүйесіндегі рөлін қайта қарастырып, бітімгершілікті кеңірек сыртқы саяси
стратегияның бір бөлігі ретінде пайдаланатынын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles