ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ШЫҢЖАҢ: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ КООПЕРАЦИЯ ДРАЙВЕРЛЕРІ

Автор(лар)

  • Карымсакова Д.Ә. Астана Халықаралық университеті
  • Батырбаев Қ.М. Астана халықаралық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.015

Кілт сөздер:

Қазақстан, ҚХР, Шыңжаң (ШҰАА), кешенді өзара тәуелділік, трансшекаралық өзендер, гидросаясат, қандастар, Орта дәліз (ТХКМ), «Қорғас» АЭА, институционалдық дизайн, асимметриялық әріптестік, секьюритизация.

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік жүйесіндегі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) көпөлшемді рөлі зерделенеді. Зерттеудің мақсаты ШҰАА-ның екіжақты қатынастарға ықпал ететін негізгі сауда-экономикалық драйверлері мен құрылымдық институционалдық шектеулерін анықтау және олардың өзара байланысын кешенді бағалауға бағытталған. Мақаланың теориялық негізін Р. Кеохейн мен Дж. Найдың кешенді өзара тәуелділік теориясы, институционалдық және салыстырмалы талдау, сондай-ақ көпфакторлы форсайт әдістері құрайды. Зерттеу барысында ШҰАА-ның Жібек жолы экономикалық белдеуіндегі және Транскаспий халықаралық көлік маршрутындағы инфрақұрылымдық маңызы айқындалып, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ХШЫО-ның институционалдық дизайны, Қытайдың эксперименттік еркін сауда аймағының іске қосылу салдары және аграрлық өнім экспортындағы фитосанитарлық кедергілер талданды. Сонымен қатар, этногуманитарлық саладағы «тыныш дипломатия» тетіктерінің тиімділігі мен Іле және Қара Ертіс трансшекаралық өзендері бассейндеріндегі Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының су алуды қарқындатуынан туындаған гидросаяси мәселелер негізделді. Зерттеу нәтижесінде ШҰАА-ның екіжақты қатынастардағы құрылымдық амбиваленттілігі дәлелденді, яғни бұл өңір экономикалық интеграцияны жеделдетумен қатар, терең асимметрия жағдайында ұзақ мерзімді тәуекелдерді де қалыптастырады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы Қазақстанның мемлекеттік органдары үшін су дипломатиясы мен логистикалық саясатты жетілдіруге бағытталған ұсынымдардың әзірленуімен, сондай-ақ екіжақты субөңірлік ынтымақтастықтың 2035 жылға дейінгі үш ықтимал даму сценарийінің («Прагматикалық конвергенция», «Институционалдық серпіліс», «Шиеленісті теңгерімдеу») ұсынылуымен айқындалады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Қалыптасу сипаттамасы

Карымсакова Д.Ә., & Батырбаев Қ.М. (2026). ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІГІ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ШЫҢЖАҢ: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ КООПЕРАЦИЯ ДРАЙВЕРЛЕРІ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 65(3). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.65.3.015

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles