Мақалаларды рәсімдеу талаптары

Мақалалар төмендегі ережелерге қатаң сәйкес рәсімделуі тиіс:

Журналға мақалалар электрондық нұсқада қабылданады. Барлық материалдар «Microsoft Office Word (97, 2000, 2007, 2010) for Windows» мәтіндік редакторында дайындалуы қажет (.doc, .docx, .rtf форматтарында).

Мақала көлемі (тақырып, авторлар туралы мәлімет, аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімін есептемегенде) 5-тен 16 бетке дейін (1 б.т.) болуы тиіс.

Қаріп – Times New Roman,
Негізгі мәтіннің қаріп көлемі – 14,
Аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер – 12,
Кесте мәтіні – 9–11,
Тегістеу – мәтін ені бойынша,
Жоларалық интервал – 1 см,
Абзацтық шегініс – 1 см,
Өрістер: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2,5 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см.

Ғылыми мақаланың құрылымы: тақырып, аңдатпа, түйін сөздер, кіріспе, материалдар мен әдістер сипаттамасы, нәтижелер, талқылау, қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі.

Мақалада 11 бөлім болуы тиіс:

  1. ӘОЖ шифрыбірінші жолда, сол жақ шетінде, 12 қаріппен қалың әріптермен (Мақала үлгісін қараңыз);
  2. ҒТАМР (Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы);
  3. DOI (төменде, бос орынсыз, сол жақ шетінде, 12 қаріппен қалың әріптермен басылады (редакция қояды);
  4. Мақала атауы (одан кейін, бір жол тастап, ортасына, бас әріптермен (барлығы бас әріппен), мақала тілінде 14 өлшемді қалың қаріппен жазылады (Мақала үлгісін қараңыз);
  5. Автор(лар) (корреспонденцияға жауапты автор «*» белгісімен көрсетіледі, авторлар саны 4-тен аспауы керек. Бір жол төмен, ортасында, 14 қаріппен, кіші әріптермен: фамилиясы мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, қала, ел, электрондық поштасы көрсетіледі (Мақала үлгісін қараңыз));
  6. Аңдатпа (төменде, бір жол тастап, қызыл жолдан (1 см шегініспен), 12 қаріппен, көлемі 200 сөзден кем емес, 300 сөзден аспайтын, мақала тілінде болуы тиіс). Аңдатпаның міндетті бөлімдері:
    • Кіріспе,
    • Зерттеу мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары,
    • Ғылыми және практикалық маңыздылығы,
    • Әдіснамасы,
    • Негізгі нәтижелері мен қорытындылары,
    • Зерттеу құндылығы,
    • Практикалық маңызы (Қараңыз: Мақала үлгісі);
  7. Тірек сөздер (бір жол төмен, қызыл жолдан (1 см), 12 пт қаріппен, саны кемінде 8 сөз (Мақала үлгісін қараңыз);
  8. Мақала мәтіні (одан кейін бір жол тастап, мақаланың мәтіні басылады. Қаріп – Times New Roman, негізгі мәтіннің өлшемі – 14, тегістеу – мәтін ені бойынша, жоларалық интервал – 1 см, абзацтық шегініс – 1 см, өрістер: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2,5 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см. (Мақала үлгісін қараңыз);
  9. Әдебиеттер тізімі (мәтіннен кейін, бір жол тастап, ортасына, 12 қаріппен, қалың, бас әріптермен (барлығы бас әріппен), мақала тілінде болуы тиіс) (Мақала үлгісін қараңыз).
  • Пайдаланылған дереккөздер саны 15-тен аспауы тиіс.
  • Сілтемелер мәтінде тік жақшада көрсетіледі ([1], немесе цитатамен [1, 29-б.]). Нөмірлеу ретімен беріледі. Интернет-ресурстар қолданылса, толық библиографиялық мәлімет, мекенжайы және қолданған күні көрсетіледі.
  • Авторларға журналда бұрын жарияланған мақалаларға, сондай-ақ Scopus және WoS дерекқорларындағы материалдарға сілтеме жасау ұсынылады.
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттер ГОСТ 7.1-2003 бойынша рәсімделеді (Мақала үлгісін қараңыз).
  1. Транслитерацияланған әдебиеттер тізімі / References (төменде, бір жол тастап, әдебиеттер тізімінің транслитерациясы беріледі. «REFERENCES» сөзі ортасына, 12 қаріппен, қалың, бас әріптермен (барлығы бас әріппен), мақала тілінде басылады)
  • Егер мақала ағылшын тілінде болса, транслитерация қажет емес. Егер қазақ/орыс тілінде болса, міндетті түрде транслитерация жасалады.
  • Транслитерация ережелері сайтта берілген: https://bulletin-irr.ablaikhan.kz/index.php/j1/translit
  1. Бастапқы құрылымдық бөліктерді қайталау – бір жолдан кейін: мақала атауы, автор(лар), аңдатпа, түйін сөздер.
  • Мақала қазақ тілінде болса – орыс және ағылшын тілдерінде қайталанады;
  • Орыс тілінде болса – қазақ және ағылшын тілдерінде;
  • Ағылшын тілінде болса – қазақ және орыс тілдерінде (Мақала үлгісін қараңыз).
  • Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар жалпы көлемнің 20%-нан аспауы тиіс (кей жағдайларда 30%-ға дейін). Иллюстрациялар мәтін ішінде беріледі. Электрондық нұсқада суреттер TIFF немесе JPG форматында, сапасы 300 dpi-ден төмен болмауы керек.
  • Кестелердің, сызбалардың, графиктердің және басқа графикалық материалдардың мәтіні Times New Roman қаріпімен 9–11 өлшемде теріледі, нөмірленеді және атауы болады, атауы кестенің үстінде жолдың ортасына жазылады

                                                                     Кесте 1. Жоспар түрлері

Атауыш жоспар

Сұраулы жоспар

1. Тілдегі математиканың қатаң ережелері

1. Тіл қандай қатаң математикалық ережелерге бағынады?

2. Арнайы тілдер

2. Қандай тілдер арнайы болып саналады?

3. Әмбебап тілдер

3. Әмбебап тілдер қайда кездеседі?

4. Тіл білімінде қолданылатын математикалық құралдар

4. Тіл білімінде математикалық құралдар не үшін қолданылады?

5. Математикалық әдістерді қолдану

5. Тіл білімінде математикалық әдістер қандай мақсатта қолданылады?

6. Математиканы білудің қажеттілігі

6. Тілшіге не үшін математиканы білу керек?

Сурет атауы суреттің астына, ортасына жазылады және мәтінде оған жасалған сілтемеден кейін бірден орналастырылады.

                                                           

                                                     1-сурет - Жапон мәдениетіне қызығушылық