ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ ҚАУІПТЕРМЕН КҮРЕСУДЕГІ РӨЛІ (ТЕРРОРИЗМ МЫСАЛЫНДА)

Автор(лар)

  • Жанысова К.Н. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.62.4.009

Кілт сөздер:

ұлттық мемлекет, трансұлттық қауіптер, халықаралық терроризм, Израиль, Қазақстан, Оңтүстік Корея, мемлекеттік реттеу, қауіпсіздік

Аннотация

Мақала трансұлттық терроризм феноменін және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін талдауға арналған. Израиль, Қазақстан және Оңтүстік Корея мысалында терроризмге қарсы күресте ұлттық мемлекет негізгі актор болып қала беретіні көрсетілген, өйткені дәл мемлекет қауіптерді криминализациялау, цифрлық және қаржылық ағындарды реттеу, сондай-ақ күштік және аналитикалық құрылымдардың жұмысын үйлестіру өкілеттіктеріне ие. Цифрландыру жағдайында терроризм желілік сипатқа көшіп, криптоқаржыландыруды, онлайн-коммуникацияны және жасырын логистикалық арналары пайдаланады, бұл мемлекеттен бақылаудың жаңа механизмдерін: цифрлық мониторингті, деректерді талдауды, ақпараттық қауіпсіздік платформаларын және қаржылық қадағалауды енгізуді талап етеді. Мақалада Израильдің технологиялық-барлау тәсілді дамытатыны, Қазақстанның институционалдық үйлестіру мен аналитикалық мониторингті күшейткені, ал Оңтүстік Кореяның деректер мен цифрлық ағындарды басқаруға негізделген функционалдық егемендік моделін қалыптастыратыны көрсетілген. Автор трансұлттық терроризм ұлттық мемлекетті әлсіретпей, керісінше оны неғұрлым аналитикалық, технологиялық және стратегиялық бағытталған етеді деген қорытындыға келеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles