ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН ЖАПА ШЕГУШІ ЕЛДЕРДЕГІ ЖҰМЫС КҮШІ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ТӨНЕТІН ҚАУІП

Автор(лар)

  • Әкім М. Ғ. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.62.4.020

Кілт сөздер:

демографиялық дағдарыс, жұмыс күші, халықтың қартаюы, туу коэффициенті, жасанды интеллект, технологиялық инновациялар, жұмыс күшінің қартаюы, көші-қон саясаты

Аннотация

Әлем туу деңгейінің тез төмендеуі және әлемнің көптеген елдерінде халықтың қартаюы белең алып жатқан демографиялық дағдарысқа тап болды. Бұл үрдістер егде жастағы адамдардың үлесі артып, еңбекке қабілетті жастағы халық саны азайып бара жатқан дамыған елдерде ерекше байқалады. Бұл демографиялық өзгеріс экономикалық тұрақтылыққа, еңбек нарықтарына және әлеуметтік жүйелерге үлкен кері ықпалын береді. Бұл мәселені шешу дәстүрлі экономикалық жолдар арқылы шешімін таппағандықтан, тұрақты өсу мен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету үшін инновациялық шешімдер қажет.

Бұл мақалада демографиялық дағдарыстың негізгі себептері, оның еңбек нарығына ықпалы және жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселелерін шешудің балама стратегиялары қарастырылған. Негізгі шешімдерге шетелден білікті жұмыс күшін тартуға бағытталған белсенді иммиграциялық саясат, сондай-ақ мигранттарды қабылдаушы елдер мен қоғамға бейімделуге мүмкіндік беретін реформалар кіреді. Сонымен қатар, автоматтандыру, жасанды интеллект және цифрлық платформалар сияқты технологиялық инновациялар арқылы жұмыс күшінің жетіспеушілігін шешу, өнімділікті арттыру және жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін құру қарастырылған.

Сондай-ақ, әйелдердің, қарттардың және маргиналды топтардың жұмыс күшіне енуге мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру оқулары, қайта даярлау оқулары және жұмыс уақыты икемді болатындай жағдайларға аса назар аудара отырып, жұмыс күшін қайта жандардыру мәселесі қарастырылған. Егде жастағы жұмысшыларды зейнетақымен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласынан жеңілдіктер қарастыратын саясаттар арқылы еңбекке тарту, жұмыс күшінің санын сақтау және сол арқылы кейінгі жас ұрпақты жаңа саясатқа бейімдеуге аса назар аударылған.

Бұл мақала демографиялық дағдарысқа ұшыраған елдердің жағдайларына, мысалдарына сүйене отырып, жаңа озық технологиялық және саяси жолдарды зерттей отырып, демографиялық өзгерістер себебінен туындайтын мәселелер мен мүмкіндіктерге терең талдау жасауды ұсынады. Ол болашақта тұрақты экономикалық даму үшін маңызды жаңа технологиялар, жаңа саяси ұстанымдар және инновацияларға аса назар аударатын жұмыс күшін дамытудың заманауи тәсілін ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles