ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ДИПЛОМАТИЯДАҒЫ РӨЛІ: ЕО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ КЕЛІССӨЗДЕРДЕ КӨШБАСШЫ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Ахметова Ш.К. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2025.62.4.014

Кілт сөздер:

Еуропалық Одақ, климаттық дипломатия, реализм, конструктивизм, халықаралық қатынастар, климаттық қауіпсіздік, еуропалық жасыл бағыт, халықаралық нормалар

Аннотация

Климаттың өзгеруі бүгінде халықаралық қауымдастық
үшін маңызды сын-қатерлердің бірі ретінде қарастырылады. Мұндай
жағдайда экология сыртқы саясаттың құралына айналатын дипломатиялық
өзара іс-қимылдың жаңа жүйесі ретінде қалыптасуда. 27 елді біріктіретін Еуропалық Одақ өзінің климаттық стратегиясын дәйекті түрде дамытып, қоршаған ортаға әсерді азайтып қана қоймай, тұрақты дамудың жаһандық үлгісі ретінде әрекет етеді.
Соңғы онжылдықтарда Еуропалық Одақ (ЕО) жаһандық климаттық
күн тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Бұл мақалада ЕОның климаттық дипломатиясының дамуы зерттеледі. Оның негізгі
құралдары ретінде заңнамалық база, экономикалық және қаржылық
шаралар, сондай-ақ халықаралық климаттық форумдарға белсенді қатысуы қарастырылады. Бұл зерттеудің басты мақсаты – ЕО-ның халықаралық климаттық дипломатиядағы рөлін тереңірек түсіну және оның келіссөздер
процесіндегі көшбасшылығын қамтамасыз ететін факторларды анықтау.
Зерттеу барысында ЕО-ның экологиялық саясатының тарихи даму кезеңдері, халықаралық климаттық дипломатияға ықпал ету жолдары және ЕО-ның көпжақты келіссөздерге қатысуы талқыланады. Әсіресе, ЕО-ның Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттық конференциялары (COP26–COP28)
аясындағы келіссөздерге ықпалына ерекше назар аударылады. Сондайақ, оның көшбасшылық позицияларының беріктігін анықтайтын ішкі және сыртқы факторлар талданады. Мүше мемлекеттер арасындағы саяси келіспеушіліктер мен сыртқы қиындықтарға қарамастан, ЕО жаһандық климатты басқарудағы негізгі ойыншылардың бірі болып қала береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-29

Қалыптасу сипаттамасы

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles