ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КӨШІҚОН ҮДЕРІСТЕРІ МЕН ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ФАКТОРЛАР, АУҚЫМЫ, САЛДАРЫ

Автор(лар)

  • Қобландин Қ.И. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Сарбасов М.К. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Сейлхан Б. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.003

Кілт сөздер:

Қазақстан, миграция, ішкі миграция, халықаралық миграция, демографиялық құрылым, урбанизация, этнодемография; халықтың қартаюы

Аннотация

Жұмыстың мақсаты 1991–2024 жылдар аралығында көші-қонның Қазақстанның демографиялық құрылымындағы өзгерістерге ықпалын анықтап, халықтың жас ерекшелігіне, этникалық құрамына және аумақтық орналасуына әсер ететін негізгі факторлар мен олардың ауқымын айқындау. Мақаланың міндеттері: Статистикалық деректер мен ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ішкі және халықаралық көші-қонның негізгі үрдістерін сипаттау; Көші-қонның халықтың жас және этнодемографиялық құрылымының трансформациясына, сондай-ақ урбандалу үдерістеріне қосқан үлесін бағалау.

Зерттеуде Ұлттық статистика бюросының деректері (1999, 2009, 2021 жылдардағы халық санақтары, жылдық тіркелімдер), тұруға рұқсат беру мен репатриацияға (оралман/қандас) қатысты әкімшілік деректер, сондай-ақ БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің (UN DESA)  халықаралық көші-қон бойынша деректері қолданылады. Әдістемелік тұрғыдан зерттеуде бірнеше тәсіл біріктіріледі: табиғи өсім мен көші-қон өсімінің үлесін ажыратуға арналған когортты-компоненттік декомпозиция; аймақаралық көші-қон ағындарының әсерін бағалау үшін shift-share әдісі; көші-қон саясатының өзгерістеріне (репатриация бағдарламалары, кіру ережелерін жеңілдету немесе қатаңдату) байланысты әсерді анықтау үшін event-study және DID тәсілдері; сондай-ақ урбандалу деңгейі мен жыныс-жас құрылымы бойынша айырмашылықтарды талдау үшін Oaxaca–Blinder әдісі қолданылады. Эмпирикалық талдау үш негізгі бағытқа шоғырланған: (i) халықтың жас құрылымы және демографиялық жүктеме коэффициенттері; (ii) этнодемографиялық құрамдағы өзгерістер; (iii) адами капиталдың өңірлер арасында қайта бөлінуі. Зерттеу нәтижесінде көші-қонның урбанизациялануының қарқыны мен халықтың қартаю үдерісіне қосқан сандық үлесін анықтау, сондай-ақ көші-қонның кетуі мен келуіне ең сезімтал өңірлерді айқындау күтіледі. Практикалық нәтиже ретінде карталар мен дашбордтар жиынтығы әзірленіп, донор және реципиент аймақтар үшін тұрғын үй, еңбек нарығы және білім беру салаларындағы шараларды мақсатты түрде жоспарлауға арналған ұсыныстар беріледі.

Қаржыландыру: Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігі тарапынан 2025–2027 жылдарға арналған
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру
бағдарламасы аясында қаржыландырылатын № AR26198891 «Моңғолия
мен Өзбекстаннан келген қандастардың Қазақстандағы әлеуметтікмәдени дамуына салыстырмалы талдау жасау»» ғылыми-зерттеу жобасы
шеңберінде дайындалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-30

Қалыптасу сипаттамасы

Қобландин Қ.И., Сарбасов М.К., & Сейлхан Б. (2026). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КӨШІҚОН ҮДЕРІСТЕРІ МЕН ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ФАКТОРЛАР, АУҚЫМЫ, САЛДАРЫ. Хабаршы. Халықаралық қатынастар және аймақтану сериясы, 63(1). https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.003

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles