ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.005Кілт сөздер:
энергетикалық дипломатия, халықаралық қатынастар, энергетикалық өтпелі кезең, климаттық саясат, энергетикалық қауіпсіздік, жасыл трансформация, геосаясат, технологитехнологиялық ынтымақтастық, тқрақты дамуАннотация
Бұл мақала Қазіргі халықаралық қатынастардағы энергетикалық дипломатияның трансформациясын талдауға арналған. Энергетикалық дипломатия бұрын негізінен энергия ресурстарының қауіпсіздігі мен елдердің геосаяси мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталса, бүгінгі күнде ол жаһандық саясаттағы әлеуметтік‑экономикалық және экологиялық өзгерістер жағдайында жаңа мазмұнға ие болуда. Энергетикалық дипломатия теориясы мен практикасының өзгеру үрдістері халықаралық ынтымақтастық, климат саясаты және тұрақты даму контекстінде қайта қарастырылуда, бұл оның маңыздылығын арттырады.
Зерттеудің мақсаты - энергетикалық дипломатияның тарихи қалыптасуы мен қазіргі трансформациясын салыстыру арқылы оның сыртқы саясаттағы жаңа функцияларын айқындау. Осыған дейінгі зерттеулер өте кең талқыласа да, энергетикалық дипломатияның қазіргі кезеңдегі өзгерістерінің жүйелі түрде теориялық және прагматикалық негізін көрсету бағытында жеткілікті түрде толықтырылмаған.
Зерттеу өзектілігі қазіргі әлемдік энергетикалық саясаттағы динамиканың күшеюімен түсіндіріледі: климат және экологиялық міндеттер, технологиялық өзгерістер мен көпвекторлы ынтымақтастық дипломатиялық практикаларды қайта құруда маңызды факторға айналуда.
Мақаланың ғылыми жаңалығы - энергетикалық дипломатияның жаңа кезеңдегі трансформациясын көпқырлы түрде сипаттау, дәстүрлі қауіпсіздік компонентінен тыс жаһандық даму мәселелеріне интеграциясын көрсету.
Эмпирикалық негіз ретінде соңғы жылдардағы халықаралық келісімдер, дипломатиялық бастамалар мен трансшекаралық энергетикалық жобалар талданады.
Зерттеуде мета‑талдау, салыстырмалы шолу және концептуалды синтез әдістері қолданылды, бұл энергетикалық дипломатияның қазіргі жағдайын жан‑жақты бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, автор энергетикалық дипломатияның халықаралық қатынастардағы рөлінің кеңейгенін, оның стратегиялық тәсілдердің құрамдас бөлігін қалыптастыратынын дәлелдейді.




