ЖАД САЯСАТЫ МЕН ТАРИХИ НАРРАТИВТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІККЕ ЫҚПАЛЫ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЫСАЛЫНДА

Автор(лар)

  • Ахмеджанова М.Ж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/ISMO.2026.63.1.026

Кілт сөздер:

тарихи жад, жад саясаты, тарихи нарратив, ұлттық бірегейлік, Орталық Азия, посткеңестік кеңістік, мемлекеттілік, символдық саясат, мәдени жад

Аннотация

Қазіргі жаһандану мен посткеңестік трансформация кезеңінде ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесі Орталық Азия елдері үшін аса өзектілікке ие. Аталмыш үдеріс жағдайында тарихи жад және де оны басқарудың институционалдық тетіктері, яғни жад саясаты, мемлекеттілік пен қоғамдық тұтастықты нығайтудың маңызды құралына айналып отыр. Бұл мақала жад саясаты мен тарихи нарративтердің ұлттық бірегейлікті қалыптастыру процесіндегі рөлін Орталық Азия елдерінің тәжірибесі аясында ғылыми тұрғыда пайымдауға бағытталған.

Зерттеудің мақсаты – тарихи жад пен тарихи нарративтердің ұлттық бірегейлікке ықпал ету механизмдерін анықтау, олардың интегративті әрі конфликтогендік қырларын ашу. Зерттеу аясында жад саясаты ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың символдық, идеологиялық және институционалдық құралы ретінде қарастырылады. Жетекші идея тарихи жадтың бейтарап өткеннің көрінісі емес, қазіргі әлеуметтік және саяси үдерістермен тығыз байланысты, динамикалық әрі көпдеңгейлі құрылым екенін дәлелдеуге негізделеді.

Әдіснамалық тұрғыда зерттеу сапалық әдістерге сүйеніп жүргізілді. Негізгі әдістер ретінде дискурсивтік талдау, нарративтік талдау, сондай-ақ, салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды. Зерттеудің дереккөздік базасын отандық және шетелдік академиялық зерттеулер құрады.

Зерттеу нәтижелері жад саясатының ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда көпқырлы ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік берді. Тарихи нарративтердің бір қыры ортақ тарихи кеңістік қалыптастырып, қоғамдық бірлікті нығайтса, екінші қыры балама естеліктерді шеттету арқылы әлеуметтік жіктелу қаупін арттыруы мүмкін екені айқындалды. Зерттеудің негізгі құндылығы жад саясатының Орталық Азия кеңістігіндегі ерекшеліктерін кешенді түрде талдап, ұлттық бірегейлік қалыптастыру үдерісін теориялық тұрғыда тереңдетуімен айқындалады. Практикалық тұрғыдан алынған тұжырымдар тарихи саясатты жетілдіруде және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған мәдени стратегияларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles