Мақаланы қабылдау және жариялау үрдісі

Материалды жіберу үшін тіркелуіңіз керек Кіру немесе Тіркелу.

I. Мақаланы жіберу үшін тіркелу

Мақаланы жібермес бұрын «Авторларға қойылатын талаптар» бөліміндегі ақпаратпен танысу қажет: https://bulletin-irr.ablaikhan.kz/index.php/j1/guide

Мақаланы жариялауға жіберу үшін сайтта тіркелу қажет.

Тіркеу формасын толтырғаннан кейін «ТІРКЕЛУ» батырмасын басу керек, содан соң поштаңызға келген хаттағы сілтеме арқылы аккаунтты белсендіру қажет.

Мақаланы жіберу үшін жеке кабинетте «Мақаланы жіберу» батырмасын басу керек.

Журналға мақала жіберу үшін ақпараттық терезе ашылады. Бұл терезеде төмендегі мәліметтерді толтыру қажет (барлық өрістерді толтыру міндетті):

  • Мақаланың атауы
  • Авторлар. «Авторлар» өрісінде әрбір автордың толық аты-жөнін бөлек ұяшыққа Enter арқылы енгізу қажет.
  • Мақала бағыты
  • Мақала файлы. Файлды жүктеген кезде оның атауында авторлардың аты-жөні көрсетілуі тиіс (doc, docx форматында).
  • Автор көрсетілмеген мақала файлы. Бұл файл «соқыр рецензиялау» үшін қажет. Онда автордың және қосалқы авторлардың аты-жөні, мекемесі, 3 тілдегі автор туралы мәліметтер алынып тасталуы керек. Файл мақала атауымен аталады.
  • ӘОЖ, ҒТАМР
  • Мақала тілі
  • Аннотация
  • Тірек сөздер. «Тірек сөздер» өрісінде әрбір сөз немесе сөз тіркесін бөлек ұяшыққа Enter арқылы енгізу қажет. Тірек сөздер саны кемінде 8 болуы тиіс.
  • Жарияланған мақаланы ашық қолжетімділікте орналастыруға келісім.

Барлық өрістерді тексеріп, «Сақтау» батырмасын басу қажет.

 

II. Мақаланы жариялау үрдісі

Мақаланы қарастыру барысында автор жеке кабинетінде оның қай кезеңде тұрғаны туралы хабарламалар алып отырады.

Мақала төмендегі кезеңдерден өтеді:

  1. Мақала журнал редакциясына түсті
  2. Мақаланың құрылымын техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру
  3. Мақаланың тақырыпқа, журнал профиліне сәйкестігін және бастапқы бағасын тексеру
  4. Мақаланы антиплагиатқа тексеру
  5. Мақаланы рецензиялау
  6. Мақаланы бас редактор мен редколлегияның қарастыруы
  7. Төлемді тексеру
  8. Мақаланы жариялау
  1. Мақала журнал редакциясына түсті – бұл мақала редакцияға түскенін, тіркелгенін, бірақ әлі басылым талаптарына сәйкестігі тексерілмегенін білдіреді.
    Редакция мақала түскені туралы авторды 3–5 жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
  2. Мақаланың құрылымын техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру – техникалық редактор автор енгізген ақпараттың дұрыстығын және мақаланың рәсімдеу ережелеріне сәйкестігін тексереді. (Редакция 10 жұмыс күні ішінде хабарлайды).
  3. Тақырыпқа сәйкестігін тексеру, бастапқы бағалау – мақала журналдың ғылыми бағытына сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі. (Редакция 10 жұмыс күні ішінде хабарлайды).
  4. Антиплагиатқа тексеру – мақалада алынған дәйексөздер мен ұқсастық деңгейі тексеріледі. Рұқсат етілетін көрсеткіштер: КП1 – 30%, КП2 – 5%, дәйексөз көлемі (КЦ) – 10%-дан аспауы тиіс. Антиплагиат есебі қолжетімді болады. (Редакция 7 жұмыс күні ішінде хабарлайды).
  5. Рецензиялау – мақала «соқыр қосарлы рецензиялауға» жіберіледі. (Редакция 10 жұмыс күні ішінде хабарлайды).

Рецензент мақаланы бағалағаннан кейін мынадай қорытынды беруі мүмкін:

  • мақала осы күйінде жариялануға ұсынылады;
  • мақала рецензент көрсеткен ескертулерді түзеткен соң жариялануға ұсынылады; (Түзету мерзімі – 14 күн. Егер автор бір ай ішінде жауап бермесе, мақала автоматты түрде басылымнан алынады);
  • мақалаға басқа маман тарапынан қосымша рецензия қажет;
  • мақала журналда жариялауға жарамсыз.

Рецензенттің пікірлері мен ұсыныстары (оның аты-жөні көрсетілмей) авторға жіберіледі. («Рецензиялау тәртібі» сілтемесі: https://bulletin-irr.ablaikhan.kz/index.php/j1/Requirements ).

  1. Мақаланы бас редактор мен редколлегияның қарастыруы – рецензия нәтижелеріне сүйене отырып, мақала қабылданады немесе қабылданбайды. Рецензиядан сәтті өткен мақала редакция шешімі бойынша кезекпен жарияланады.
  2. Төлемді тексеру – осы кезеңде төлемнің есепшотқа түскені тексеріледі. (Төлем түбіртегі мақала қабылданған соң беріледі). Төлем түбіртегі сканерленген түрде .jpg/.jpeg немесе .pdf форматында ұсынылады. Түбіртекте төлем күні, жариялау бағыты және мақаланың авторының тегі көрсетілуі тиіс.

ТӨЛЕМ ДЕРЕКТЕРІ:
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ
Қазақстан Республикасы, 050022,
Алматы қ., Муратбаев к-сі, 200
РНН: 600700016904
БИН: 011140001654
ИИК: KZ358560000000010712
АО «Банк Центр Кредит»
БИК: KCJBKZKX
КБе 16
Тел.: 292-03-84, 292-03-85, факс: 292-44-73

Төлемді Қазақстан Республикасының банктерінің электронды қосымшалары арқылы да жасауға болады.

  1. Мақаланы жариялау – барлық кезеңдерден өткен соң мақала ресми түрде жарияланып, оқырмандарға қолжетімді болады.

Мақалаларды қабылдау, қарастыру және журнал нөмірінің жарық көру мерзімі:

№1 – мақалаларды қабылдау 15 қаңтарға дейін, қарастыру 16 қаңтардан 20 наурызға дейін, жариялау – 30 наурызға дейін;

№2 – мақалаларды қабылдау 15 сәуірге дейін, қарастыру 16 сәуірден 20 маусымға дейін, жариялау – 30 маусымға дейін;

№3 – мақалаларды қабылдау 15 шілдеге дейін, қарастыру 16 шілдеден 20 қыркүйекке дейін, жариялау – 30 қыркүйекке дейін;

№4 – мақалаларды қабылдау 15 қазанға дейін, қарастыру 16 қазаннан 20 желтоқсанға дейін, жариялау – 30 желтоқсанға дейін.

Мазмұны мен рәсімделуі талаптарға сай келмейтін мақалалар жариялауға қабылданбайды және авторларға қайтарылмайды.

ЖАРИЯЛАУ ҚҰНЫ:

  • «Филология ғылымдары» сериясы – 35 000 теңге (антиплагиат тексерусіз)
    – антиплагиат тексеруі – 3 000 теңге
  • «Педагогика ғылымдары» сериясы – 35 000 теңге (антиплагиат тексерусіз)
    – антиплагиат тексеруі – 3 000 теңге
  • «Халықаралық қатынастар және аймақтану» сериясы – 35 000 теңге (антиплагиат тексерусіз)
  • – антиплагиат тексеруі – 3 000 теңге